Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерек қорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Қаржы министрінің 2013 жылғы 17 ақпандағы № 110 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 346 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияны реттеу жөніндегі агенттігі (келісім бойынша):»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелерінде: 3, 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мұнай өнімдерін өндірудің және оларды тиеп жөнелту көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты өзге мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|