|
|
|
Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 3,2 гектар жер учаскесі елді мекендер жерлері санатына ауыстырылсын. 2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтеуді қамтамасыз етсін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1047 қаулысына қосымша
Орман қоры жерінен елді мекендер жерлері санатына ауыстырылатын Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі жерінің экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |