|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат): 53-баптың бірінші бөлігінің з) тармағы «жағдайында» деген сөзден кейін «, жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат): 1) 101-баптың екінші бөлігінің 2) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2) қалған қатысушылардың оны дауысы және сыртқы белгілері: акценті, жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;»; 2) 191-баптың үшінші бөлігі «тергеушілері» деген сөзден кейін «, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда прокурорлар» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 197-баптың бірінші бөлігінің 12) тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «12) анықтау органынан қылмыстық істі алып қояды және алдын ала тергеу органына береді; айрықша жағдайларда тергеудің толық және объективті болуын қамтамасыз ету мақсатында алдын ала тергеу органының жазбаша өтінімі бойынша не өз бастамашылығымен істі алдын ала тергеудің бір органынан екінші органына береді не өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және осы Кодексте белгіленген тергеуде болу ретіне қарамастан, оған тергеу жүргізеді;»; 4) 237-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабында (бірінші бөлік); 122-бабында; 128-бабында (бірінші бөлік); 131-бабында (бірінші бөлік); 143-бабында (үшінші бөлік); 157-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 164-бабында (бірінші бөлік); 170-бабында (бірінші бөлік); 175-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 177-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 178-бабында (бірінші бөлік); 181-бабында (бірінші бөлік); 185-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 192-бабында (бірінші бөлік); 193-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 209-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 233-1-бабында (бірінші бөлік); 233-3-бабында (бірінші бөлік); 241-бабында (үшінші бөлік); 242-бабында; 251-бабында (бірінші бөлік); 252-бабында (бірінші бөлік); 270-бабында (бірінші бөлік); 307-бабында (екінші бөлік); 308-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 311-бабында (бірінші бөлік); 312-бабында (бірінші және екінші бөліктер); 339-бабында (үшінші бөлік); 346-бабында (екінші бөлік); 347-1-бабында (бірінші бөлік); 358-бабында (бірінші бөлік); 361-бабында (екінші бөлік) көрсетілген ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша, егер күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам басқа адамдарға беру үшін күдіктіге, айыпталушыға арналған не күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тыңдау нәтижесінде іс үшін маңызы бар мәліметтер алынады деп болжауға жеткілікті негіздер болған кезде күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерін жасырын тыңдау және жазып алу тергеушінің прокурор санкция берген қаулысының негізінде жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген қылмыстар тізбесі бойынша бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу прокурордың санкциясымен ғана күдіктіге, айыпталушыға қатысты жүргізілуі мүмкін.»; 5) 326-бап мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын: «7. Сот талқылауына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот осы Кодекстің 101-бабында көзделген ережелерге сәйкес шаралар қабылдайды және сот талқылауын жүргізеді. 8. Басты сот талқылауы басталар алдында төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сотқа өтініш жасау құқығы туралы түсіндіреді. 9. Тараптардың бірінің немесе сот талқылауына қатысушының қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтініші бойынша сот осы мәселе бойынша қаулы шығаруға құқылы.». 3. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат): 1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау; 2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу; 3) арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы; 4) арнаулы техникалық құралдар - жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, тетіктер, жабдық; 5) байқау - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы әрі өзгеше қабылдау және анықтау; 6) байланыс желілеріндегі жедел іздеу - телекоммуникациялар желілері және почта байланысы арналары арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттің белгілерін табу жөніндегі жасырын іс-әрекеттер; 7) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алу - ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, іздеуге және таратуға арналған, электрлі байланыс желілері, компьютер желілері, деректер базалары, телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер арқылы берілетін ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен жасырын алу; 8) бақыланатын өнім беру - еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттардың және өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу тәсілі; 9) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру - іздеудегі адамды даралайтын статикалық, динамикалық және геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портреті және адамды жеткілікті ықтимал дәрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдер көмегімен табуға және сәйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық іс-әрекеттер жиынтығы; 10) енгізу - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу; 11) жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-әрекеттерінің жиынтығы; 12) жедел есепке алу ісі - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу; 13) жедел кіру - тұрғын және басқа да үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға, көлік құралдарына, жергілікті жердің учаскелеріне оларды тексеру мақсатында, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру; 14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәміле ахуалын орнату; 15) жедел-іздестіру қызметі - адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі; 16) құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды алдын ала зерттеу - қылмыс іздері сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылған материалдық объектілерді анықтау және айналымнан немесе нақты адамның иелігінен алып қою және олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктерін заңда белгіленген нысандарда анықтау; 17) құпия көмекшілер - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен құпия негізде (оның ішінде келісім-шарт бойынша) қызмет істеуге келісімін берген, сол сияқты осы органмен бұрын өзінің келісімі бойынша ынтымақтастықта болған, он сегіз жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлғалар; 18) почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау - іс үшін маңызы бар мәліметтерді хаттарды, жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдерді, посылкаларды және басқа да почта-телеграф жөнелтілімдерін қарау және олардың мазмұнымен танысу жолымен алу; 19) сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерілетін адамның, күдіктінің, айыпталушының сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште анықтау; 20) телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу - телефон байланысы абонентінің кіріс және шығыс қоңыраулары туралы ақпаратты жасырын алып қою; 21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу - егер тексерілетін адам, күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерілетін адамға, күдіктіге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшін тексерілетін адамнан, күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамның, күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште анықтау; 22) үлгілерді алу - тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің ерекшеліктерін бейнелейтін, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар материалдық ақпарат жеткізгіштерді алып қою және анықтау; 23) штаттағы жасырын қызметкер - лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шараларын астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкері; 24) іздестіру - заңда көзделген жағдайларда тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың, хабарсыз кеткен және өзге де адамдардың орналасқан жерін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар жоғалған құжаттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, іс жүргізу және жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі.»; екінші абзацтағы «азаматтардың», «және меншікті (нысандарына қарамастан)» деген сөздер тиісінше «адам мен азаматтың», «, меншікті» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацта: «жазадан» деген сөз «жауаптылықтан» деген сөзбен ауыстырылсын; «жүзеге асыру» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру» деген сөздермен толықтырылсын; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда ұйымдарға жәрдемдесу;»; 1-тармақтағы «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен қалыптық құжаттары» деген сөздер «және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.»; 2-тармақтағы «қалыптық құжаттар» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілер» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың екінші бөлігінде: «судья» деген сөз «сот» деген сөзбен ауыстырылсын; «ұйғарымымен» деген сөз «шешімімен» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «талап ету бойынша жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдармен құпия негізде қызмет атқарушы немесе қызмет атқарған азаматтардың» деген сөздер «талап етуі бойынша құпия көмекшілердің және штаттық жасырын қызметкерлердің» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады. Қылмыс жасаған кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталып, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурорға хабар беріледі. Қарсы барлау қызметі процесінде, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік актілерде белгіленеді.»; б) тармақшасындағы «өздерінің қарауындағы», «шараларын жүргізу жөнінде» деген сөздер тиісінше «өздері тергейтін», «іс-шараларын жүргізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын, «, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы б-1) және б-2) тармақшаларымен толықтырылсын: «б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға; б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы сот актілерін орындауға;»; 6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: «8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары Жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін орындау кезінде оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың: 1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында көрсетілген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын жүргізуге; 2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға; 3) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар есебінен өтей отырып пайдалануға; 4) астыртын ұйымдар құру мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық бағыныстылығын, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға; 5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға; 7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың келісімі бойынша осы органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізуге тартуға; 8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез-келген уақытында ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына, ал әскери бөлімшелердің және басқа да режимдік объектілердің аумақтарына олардың басшыларының келісімі бойынша кедергісіз кіруге; 9) қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің нәтижелерін көрсететін материалдарды беруге құқығы бар.»; 7) 9-баптың 1-тармағындағы «қолданылып жүрген заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: в), в-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «в) тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жазбаша тапсырмалары; в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары;»; мынадай мазмұндағы в-2) тармақшасымен толықтырылсын: «в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы сот актілері;»; д) тармақшасындағы «барлау» деген сөз «қарсы барлау» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы;»; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады;»; 9) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын: «11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары 1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді. 2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады: 1) адамдарға сауал қою; 2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; 3) енгізу; 4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту; 5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; 6) бақыланатын өнім беру; 7) арнаулы техникалық құралдарды қолдану; 8) анықтамалар алу; 9) үлгілерді алу; 10) жедел сатып алу; 11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану; 12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру; 13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу; 14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу; 15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; 16) ұсталған адамдарды жеке тексеруді, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру. Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке тексеру және жеке тұлғаның жанында болатын заттарды тексеру, көлік құралдарын тексеру, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін; 17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу; 18) байқау. 3. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады: 1) почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау; 2) байланыс желілеріндегі жедел іздеу; 3) бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу; 4) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алып тастау; 5) жедел кіру.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы барлық органдар өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес жүргізеді. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жедел-іздестіру іс-шараларын қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүргізуге құқылы. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жедел қамтамасыз ету объектілеріндегі және күзет іс-шараларын жүргізу аймағындағы жедел-іздестіру іс-шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен келісім бойынша жүзеге асырылады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары: 1) егер күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам күдіктіге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшін күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 237-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша күдіктіге, айыпталушыға не үшінші бір адамға қатысты; 2) тергеуден, анықтаудан, соттан жасырынып жүрген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 237-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан жалтарып жүрген, сондай-ақ хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру үшін тек қана прокурордың санкциясымен жүргізіледі. Ауыр және аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) әзірлеп және жасап жатқан қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында арнаулы жедел-іздестіру іс-шаралары көрсетілген санаттағы қылмыстарға қатысы бар тексерілетін адамдарға қатысты прокурордың санкциясымен жүргізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |