Астана қаласы әкімінің оған жүктелген қызметтер мен міндеттемелерді орындау жөнінде есеп беруі туралы
Астана қаласының өкімі И.Н.Тасмағамбетовтың оған жүктелген қызметтер мен міндеттемелерді орындау жөніндегі есеп беруін тыңдап және талқылап, Астана қаласы мәслихатының сессиясы атқарушы органдармен елорданың әлеуметтік-экономиқалық дамуының негізгі индиқаторларын орындау, қала тұрғындарының тұрмыстық деңгейін жоғарылату, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік әлсіз санаттарына мекен-жайлық көмек түрін кеңейту бойынша мақсатты қызмет атқарылып отырғанын атап өтті. Өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсуін, жоғары технологиялық, инновациялық технологияларды енгізу және экспортқа бағытталгған өнімдерді өндіруді қамтамасыз ету мақсатында индустриалдық-инновациялық дамудың аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2008 жылы өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 100,2 млрд.теңгені құраған. Шағын бизнестің дамуындағы жағымды динамиқасы сақталып, бизнеспен 100 мыңнан астам адам қамтылған, өңдірілген өнімнің, жұмыс және қызмет көрсетудің көлемі 239,7 млрд.теңгені құраған, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 26 пайызға жоғары. Ағымдағы жылдың басынан негізгі қапиталда инвестициялардың көлемі 353,7 млрд.теңгені құраған. Жылдың басында экономиқаның нақты секторында барлығы 21996 жаңа жұмыс орны құрылған. Кұрылысқа 294,85 млрд.теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Ағымдағы жылы 11 айдың ішінде, барлық қаржыландыру кездері есебінен, жалпы ауданы 1203,4 мың шаршы метрді кұрайтын тұрғын үй салынып, қолданысқа тапсырылған, ол былтырғы жылдың көрсеткішінен 7,1 пайызға жоғары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|