|
|
|
Р.С. Жошыбаевты, Б.Ж. Сейітбатталовты Лондон (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі), Таллинн (Эстония Республикасы) қалаларына және А.О. Әбікеновті Таллинн (Эстония Республикасы) қаласына іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қою мәселелері жөнінде алдағы сімаралық консультацияларға қатысуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналарды: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев 2009 жылғы 24 - 30 мамыр кезеңіне Лондон (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі) және Таллинн (Эстония Республикасы) қалаларына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы Бағдат Жұмабекұлы Сейітбатталов 2009 жылғы 23 - 30 мамыр кезеңіне Лондон (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі) және Таллинн (Эстония Республикасы) қалаларына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы департаменті директорының орынбасары Арман Оқасбайұлы Әбікенов 2009 жылғы 27 - 30 мамыр кезеңіне Таллинн (Эстония Республикасы) қаласына іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Амстердам - Лондон - Брюссель - Таллинн, Рига - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Бағдат Жұмабекұлы Сейітбатталовқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Лондон - Брюссель - Таллинн, Рига - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Арман Оқасбайұлы Әбікеновке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Майндағы Франкфурт - Таллинн, Рига - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |