|
|
|
Н.Ж. Дәненовті және А.Ә. Байсуановты Брюссель қаласына (Бельгия Корольдігі) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант шарты ұйымы арасындағы Еуро-Атлант әріптестігі кеңесінің қауіпсіздік форумын дайындау және өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды түпкілікті келісу және оған қол қою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Жұмағалиұлы Дәненов және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көп жақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Арман Әбілмәжінұлы Байсуанов 2009 жылғы 9 - 12 маусым кезеңіне Брюссель қаласына (Бельгия Корольдігі) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Н.Ж. Дәненовке және А.Ә. Байсуановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Брюссель - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |