|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы 2009-2011 жылдар кезеңіне арналған білім, ғылым және мәдениет, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы 2009 - 2011 жылдар кезеңіне арналған білім, ғылым және мәдениет, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Испания Корольдігінің Үкіметі арасындағы 2009 - 2011 жылдар кезеңіне арналған білім, ғылым және мәдениет, жастар және спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |