Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 83-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі, жетекшінің орынбасары |
Қосынов Алмас Олжабайұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі, хатшы |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Ертаев Бақытжан | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы |
Күнғожинов Сәулебек Тұрсынғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары |
Петров Валерий Викторович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі |
Саванков Александр Михайлович | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Жылқайдаров Нұрлан Базаргелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Оразқұлов Қанат Орынтайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Ноғаев Аюхан Төлеутайұлы | - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Рыспанов Нұрлан Бектасұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тау-кен өнеркәсібі активтерін басқару жөніндегі директоры (келісім бойынша) |
Қожахметов Руслан Адайбекұлы | - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Әскери өндірістер департаментінің директоры (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қорғаныс өнеркәсібі кешенінің проблемалық мәселелерін шешу және одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |