Мамандарды колледждерде, білікті жұмысшыларды кәсіптік мектептер мен лицейлерде даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 393 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы 6 бабының 2 тармағын іске асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мамандарды колледждерде, білікті жұмысшыларды кәсіптік мектептер мен лицейлерде даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 187 қаулысының күші жойылсын. 2. Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыру: облыстың колледждерінде 1750 адам санатында мамандар даярлауға № 1 қосымшаға сәйкес; облыстың кәсіптік мектептері мен лицейлерінде 2459 адам санатында білікті жұмысшылар даярлауға № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. «Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Қ.Әлімов) қаржы қарастырсын және 261-024-101 «Колледждерде мамандар даярлау» бағдарламасы бойынша 2009 жылға қосымша қаражат бөлу туралы мәселені облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізсін. 4. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ (С.Еңсегенұлы) колледждерді және кәсіптік мектептер мен лицейлерді уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін. 6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жобаны ұсынған:
2009 жылғы 22 маусымдағы № 199 қаулысына № 1 қосымша
Колледждерде 2009 жылға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|