|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 ақпандағы № 108 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі № 1093 қаулысымен бекітілген
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты Кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінің және оның аппаратының 2009 жылға арналған шығыстар сметасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |