|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде: 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде: «Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 91-жолда: 7-бағандағы «5 575 500» деген сандар «5 680 500» деген сандармен ауыстырылсын; реттік нөмірі 94-жолда: 2-бағандағы «мен құрылысын бастау» деген сөздер алып тасталсын; 5 және 7-бағандардағы «1 000 000» деген сандар «895 000» деген сандармен ауыстырылсын; 2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында: көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобында: 205 «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі» әкімшісі бойынша: 005 «Спорт объектілерін салу және қайта жаңарту» бағдарламасында: «Азия ойындарын өткізу үшін спорт объектілерін салу» деген жолдағы «5 575 500» деген сандар «5 680 500» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында көпфункцияналды Олимпиадалық даярлау орталығы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оның құрылысын бастау» деген жолдағы «1 000 000» деген сандар «895 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында көпфункцияналды Олимпиадалық даярлау орталығы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оның құрылысын бастау» деген жолдағы «және оның құрылысын бастау» деген сөздер алып тасталсын; 3) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдармалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында: көрсетілген қаулыға 55-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «және оны салу» деген сөздер алып тасталсын; 7-тармақта: «Тікелей нәтижеде» «және оны салу» деген сөздер алып тасталсын; көрсетілген қаулыға 59-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны «Астана қаласында коньки тебу стадионын салу» деген сөздерден кейін «, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге оның төлеген аванс сомасының сөзсіз қайтарылуын қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |