Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті Төрағасының 2008 жылғы 06 мамырдағы № 103 бұйрығымен Бекітілген
Дәрілік затты қолдану жөнінде
Саудалық атауы Джес® Халықаралық патенттелмеген атауыЖоқ
Дәрілік түрі Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы Бір белсенді таблетканың құрамында Белсенді заттар: дроспиренон 3 мг этинилэстрадиол 0,02 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, магний стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қос тотығы, қызыл темір оксиді бар; бір белсенді емес таблетканың құрамында қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, поливидон 25000, магний стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза, тальк, титанның қос тотығы бар. СипаттамасыДөңгелек, екі беті дөңес, қабықпен қапталған, ашық-қызғылт түсті, бір жағында дұрыс пішінді алты бұрыштың ортасында «DS» әріптері ойылып жазылған таблеткалар
Фармакотерапевтиқалық тобыЖыныс гормондары және жыныс жүйесінің модуляторлары. Жүйелі түрде пайдалануға арналған гормональдық контрацептивтер. Прогестагендер және эстрогендер (тұрақты біріктірулер). Дроспиренон және эстроген. АТЖ коды G03AA12
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Дроспиренон Дроспиренон ішке қабылданғаннан кейін тез және толық сіңеді. Қан сарысуындағы 37 нг/мл ең жоғарғы концентрациясына 1-2 сағат ішінде жетеді.Биологиялық тиімділігі алынған дозаның шамамен 76-85 пайызын құрайды. Тамақ ішу дроспиренонныңбиологиялық тиімділігіне әсер етпейді. Дроспиренон қан сарысуының альбуминдерімен байланысады, жыныс гормондарын байланыстыратын глобулинмен (ЖГБГ)немесекортикоидтарды байланыстыратын глобулинмен байланыспайды. Қан сарысуындағы жалпы концентрациясының тек 3-5 пайызы ғана бос түрде болады; 95-97 пайызы ЖГБГ-мен арнайы байланысқан. Этинилэстрадиолмен индукциялануы ЖГБГ синтезі дроспиренонға және қан сарысуындағы протеин байланасына әсер етпейді. Таралуының болжамды көлемі шамамен 37-45 л/кг тең. Дроспиренон ішке қабылданғаннан кейін тез және толық метаболизденеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|