|
|
|
Д.П. Дүйсенбаевты және Е.С. Ахметовті Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапарын өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің офицерлері Дінмұхамед Пернебекұлы Дүйсенбаев, Ернар Серікұлы Ахметов 2009 жылғы 21 - 27 шілде кезеңіне Берлин қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: 1) белгіленген тәртіппен жол жүру құжаттарын ресімдесін; 2) Д.П. Дүйсенбаевқа, Е.С. Ахметовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Берлин - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |