|
|
|
Ж.М. Құлжанованы Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Біріккен Ұлттар Ұйымы Әлеуметтік және экономикалық кеңесінің негізгі сессиясына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі Жанар Мақсұтқызы Құлжанова 2009 жылғы 19 - 31 шілде кезеңіне Женева қаласына (Швейцария Конфедерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ж.М. Құлжановаға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Майндағы Франкфурт - Женева - Майндағы Франкфурт - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |