|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Шолпон-Ата қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Шолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) өтетін ведомствоаралық қазақстан-қырғыз ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс топтарының кездесуіне қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 28 - 31 шілде кезеңіне Шолпон-Ата қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 1153 қаулысына қосымша
Шолпон-Ата қаласына (Қырғыз Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |