Компьютер жүйелерін бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуге қорытынды беру ережесін бекіту туралы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 132 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 651-бабының 3-тармағына сәйкес, компьютер жүйелерін бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуге қорытынды беру тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Компьютер жүйелерін бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізуге қорытынды беру ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықты оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияласын. 3. «Компьютер жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының мемлекеттік тізіліміне (нен) енгізуге (шығаруға) қорытынды беру ережесі» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 186-ө бұйрығының (№ 3139 нормативтік-құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тіркелімінде тіркелген) күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3139 болып тіркелген, 2005 жылғы 18 қарашадағы «Юридическая газета» және «Заң газеті» газеттерінде жарияланған). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дурмағамбетовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|