Тауар қоймасында сақтау шарты
<Заңды тұлғаның атауы,> <резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiк, күнi және нөмiрi, кiм тiркегенi> бұдан әрi «Сақтаушы» деп аталады, <жарғының, ереженiң, 200___ж.«___»__________ №_____ сенiмхаттың> негiзiнде әрекет ететiн <шартқа қол қойған тұлғаның лауазымы, аты-жөнi> арқылы және <заңды тұлғаның атауы,> <резиденттiгi, құрылған күнi, тiркеу туралы куәлiгi, күнi және нөмiрi, кiм тiркегенi немесе жеке тұлғаның атауы, азаматтығы, резиденттiгi, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi және күнi> бұдан әрi «Жүк берушi» деп аталады, мыналар жайында осы шартты жасады.
1. Шарттың мәнi 1.1. Сақтаушы осы шарттар белгiленген талаптармен сыйақыға оған Жүк берушi беретiн тауарды қабылдауға және сақтауға және оларды сақталған күйiнде Жүк берушiнiң бiрiншi талап етуi бойынша қайтаруға мiндеттенедi. 1.2. Осы Шарттың мақсатында тауар деп ____________________ аталады.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi 2.1. Сақтаушы: 2.1.1 Сақтаушы Жүк берушiден осы шартқа қол қойылғаннан кейiн _____ күннiң iшiнде тауарды сақтауға қабылдауды бастайды. 2.1.2. Сақтаушы тауарды мына мекен-жай бойын орналасқан қоймаға: ____________________сақтауға қабылдайды және оны бередi. Сақтаушы осы қоймада мынадай күндерi және сағатта сақтауға қабылдауға және беруге мiндеттi: ____________________. 2.1.3. Сақтаушы қоймада мынадай сақтау талаптарын қамтамасыз етедi: температурасы ____________________; ылғалдылығы______________________. 2.1.4. Сақтауға берiлген тауардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн Сақтаушы заңда, нормативтiк актiлерде, осы шартта көзделген барлық шараларды, сондай-ақ iскерлiк айналым дағдыларына және сақтау жөніндегі мiндеттемелерге қатысты, оның iшiнде сақтауға берiлген тауарлардың қасиетiне сәйкес барлық шараларды қабылдауға мiндеттi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|