|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: 2-1-тармақта: үшінші абзацтағы «14 айға дейінгі» деген сөздер «5 жылға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; он үшінші абзацтағы «сүт» деген сөзден кейін «, май-тоң май өнімдерін, астық және ұн» деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 2-1-бөлімде: реттік нөмірі 6-4-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай»; реттік нөмірі 6-5-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен ЕДБ арасында жасалған тиісті шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында: «Елдің азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету» деген 1-1-бөлімде: реттік нөмірі 6-1-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын: «АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ЕДБ (келісім бойынша), қауымдастықтар, одақтар (келісім бойынша)»; «ЕДБ-ден өтінімдердің келіп түсуіне қарай». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |