|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Бонн қаласына (Германия Федеративтік Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Киото хаттамасы мақсатындағы 1-қосымшаның тараптарына арналған одан арғы міндеттемелер жөніндегі арнайы жұмыс тобының сегізінші сессиясына, Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясы мақсатындағы ұзақ мерзімді бірлескен іс-қимылдар жөніндегі арнайы жұмыс тобының алтыншы сессиясына, Ғылыми және техникалық жәрдемдесу жөніндегі қосалқы органның он үшінші сессиясына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Эльдана Мәкінқызы Сәдуақасова 2009 жылғы 8 - 13 маусым кезеңіне; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі Динара Төлегенқызы Изанова 2009 жылғы 31 мамыр - 8 маусым кезеңіне; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық саясат және орнықты даму департаменті стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы Нұрлан Амантайұлы Жанбаев 2009 жылғы 31 мамыр - 10 маусым кезеңіне Бонн қаласына (Германия) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Е.М. Сәдуақасоваға, Д.Т. Изановаға, Н.А. Жанбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Майндағы Франкфурт - Бонн - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |