|
|
|
К.В. Жигаловты Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Васильевич Жигалов 2009 жылғы 18 - 21 тамыз кезеңіне Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі К.В. Жигаловқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |