Жеміс-көкөніс өнімдері титрленетін қышқылдылықты анықтау
ҚР СТ 1621-2007
4 Сынаманы іріктеу және дайындау 5 Аппаратуралар, материалдар және реактивтер 8 Нәтижелерді өлшеудің дәлдігін бағалау
Осы стандарт жеміс-көкөніс өнімдеріне таралады және жеміс-көкөніс өнімдерінің титрленетін қышқылдылығын анықтаудың екі әдісін айқындайды: - потенциометрлік сілтеме әдісі; - түрлі-түсті индикаторды қолдану арқылы көзбен шолу әдісі (боялмаған және ашык боялған өнімдер үшін). Соңғы әдіс шараптар мен газдалған өнімдерге қолданылмайды.
Осы стандартта мынадай стандарттарға сілтемелер пайдаланылған: ҚР СТ ИСО 17025 2001 Сынақ және мөлшерлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар. ГОСТ 1770-74 Өлшеуіш зертханалық шыны ыдыс. Цилиндрлер, өлшектер, құтылар, сынауыктар. Жалпы техникалык талаптар. ГОСТ 4328-77 Реактивтер. Натрий гидрототығы. Техникалык талаптар. ГОСТ 5556-81 Медициналык ылғал тартқыш мақта. Техникалық талаптар. ГОСТ ИСО 5725-1-2003 Өлшеулердің әдістері мен нәтижелерінің дәлдігі (дұрыстығы мен дәлдігі). 1-бөлім. Негізгі ережелер мен анықтамалар. ГОСТ 12026-76 Зертханалық сүзгіш қағаз. Техникалықталаптар. ГОСТ 21400-75 Химиялык-зертханалык шыны. Техникалык талаптар. Сынақгар әдісі. ГОСТ 25336-82 Зертханалык шыны ыдыстар мен жабдықтар. Типтері, негізгі параметрлері және өлшемдері. ГОСТ 26313-84 Жемістер мен көкөністерді кайта өңдеу өнімдері. Қабылдау ережесі, сынамаларды іріктеу әдістері. ГОСТ 26671-85 Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу өнімдері, ет және ет-өсімдік консервілері. Сынамаларды зертханалық талдаулар үшін дайындау. ГОСТ 29251-91 Зертханалық шыны ыдыс. Өлшеуірлер. 1-бөлім. Жалпы талаптар.
Әдіс сыналатын ерітіндіні күйдіргіш соданың натрий гидрототығымен рН 8,1 дейін потенциометрлік титрлеуге негізделген. Әдіс зерттелетін ерітіндіні фенолфталин индикаторының болуымен (NaОН) = 1 моль/дм3 бірге натрий гидрототығының ерітіндісімен титрлеуге негізделген.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|