Жергілікті қоғамдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау Ережесін бекіту туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2013 жылғы 11 қазандағы № 190/22 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың Ережесі бекітілсін (қоса беріледі). 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
ІV сайланған облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 24 шілдедегі ХVІ сессияның № 220/16 шешімімен бекітілген
Жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу үшін жергілікті қауымдастық тұрғындарының жиналыстарын (жиындарын) өткізу тәртібін реттейді. 1.2. Жиналыс (жиын) жергілікті қауымдастық мүшелерінің өз қалауын еркін білдіру нысандарының бірі болып табылады. 1.3. Жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Павлодар облыстық мәслихатының, тиісті қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімдерін басшылыққа алады.
2.1. Жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары) сайлау құқығы бар тиісті аумақтың кем дегенде 10% тұрғындарының бастамасымен немесе тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасымен шақырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|