Алматы облысы Алакөл аудандық сотының 2008 жылғы 25 наурыздағы үкімінің күшін жойып, істі басқа құрамда сотта қайта қарау үшін, қадағалау шағымды қанағаттандыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы төрағаның, судьялардың, адвокат Ж.-ның қатысуымен сотталған Н.-ның қадағалау шағымы бойынша келіп түскен қылмыстық істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Алматы облысы Алакөл аудандық сотының 2008 жылғы 25 наурыздағы үкімімен Н. 1949 жылы 2 қаңтарда ҚХР-сы Шуар қаласында туған, бұрын сотталмаған, - ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, 286-бабының 1-бөлігімен 1 жылға түзеу жұмыстарына сотталған. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігінің негізінде Н.-ға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептеліп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген. Сот үкімімен сотталған Н. салық комитетінен кәсіпкерлік тіркеуден өтпей, арнаулы рұқсатсыз, аса ірі мөлшерде пайда табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны және пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін кінәлі болып танылған. Іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Қадағалау шағымында сотталған Н. кірпіш зауытын салған екі жақтың берген сенімхаттары бойынша тек өндірісті жүргізуге басшылық жасағанын, екі жақты келісім бойынша кірпіш өндіру және оны сатуға керекті заңды құжаттармен қамтамасыз ету Қазақстан жағына жүктелгенін, сондықтан барлығы заңға сәйкес рәсімделген деп есептегенін көрсетіп, сот қаулыларының күшін жойып, істі жаңадан басқа сот құрамында қарауға жолдауды сұрайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|