Үкімнен қылмысты қылмыстардың қайталануы жағдайында жасаған деп таныған бөлігін алып тастау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы төрағаның, судьялардың, прокурордың қатысуымен сотталған М.-ның қадағалау шағымын қарады. Атырау қалалық сотының 2007 жылғы 3 сәуірдегі үкімімен М. 22 ақпан 1986 жылы туылған, бұрын, 18 ақпан 2005 жылы ҚК-нің 175-бабы 2-бөлігінің «а», «в» тармақтарымен 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталып, 30 мамыр 2005 жылы жазасын толықтай өтеуіне байланысты босатылған, - ҚК-нің 178-бабы 3-бөлігінің «б» тармағымен мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сәйкес, М. қылмысты қылмыстардың қайталануы жағдайында жасаған деп танылған. Сот үкіміне сәйкес, М. 22 желтоқсан 2006 жылы жәбірленуші С.-ның жалпы құны 525 мың теңге болатын мүлкін ашық түрде ұрлағаны үшін айыпты болып танылған. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 2007 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылған. Атырау облыстық сотының қадағалау алқасының 2007 жылғы 27 тамыздағы қаулысымен сотталған М.-ның шағымы бойынша қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартылған, Қадағалау шағымында сотталған М. әрекеттерінде қылмысты бірнеше рет жасау белгісі болмайтынын, жәбірленушіге ауыр дене жарақаты немесе материалдық шығын келтірмегенін көрсетіп, әрекеттерін ҚК-нің 178-бабы 3-бөлігінің «б» тармағынан ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігіне қайта саралап, осы бап бойынша төменгі жаза мөлшерін тағайындауды сұраған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|