Ақтөбе қаласы сотының 2008 жылғы 26 наурыздағы № 2а-279-08 Қаулысы (көшірме)
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облыстық сотының азаматтық ісгер қарайтын алқасы құрамында облыстық сотының азаматтық істер алқасының судья Г.С.Әлімбаеваның төрелік етуімен, судьялар А.И.Балдықова, Р.Қ.Айтөкенова болып, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Ж. Сатановтың, талапкер С.Құрманов, талапкердің сенімхаты арқылы өкілдері Ж.Смағұлов, Г.Сегізбаева қатысуларымен, облыстық сот ғимаратында ашық сот мәжілісінде С.Құрмановтың Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі қалалық комиссия отырысы хаттамасын заңсыз деп тану, кедергіні жою туралы сұраған азаматтық ісі бойынша Актөбе қалалық сотының 13 ақпан 2008 жылғы шешіміне берілген жауапкердің апелляциялық шағым келіп түскен істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Талапкер С.Құрманов 11.07.2006 жылы О.В. Хмелевскаяның атына тіркелген «Ақсут» бау-бақша ұжымында орналасқан № 1 жер учаскесін сатып алған. Сатып алу- сату шарты нотариус арқылы рәсімделген. Жер учаскесін сатып алған соң оны өз атыма аударып алып, жылжымайтын мүлік орталығына тіркетемін деп «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі ММ» барған, бірақ «Ақсут» бау-бақша ұжымында орналасқан № 1 жер учаскесі ҚР 05.07.2006 жылғы № 157-111 санды «Мүлікті жария етуге байлансыты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі қалалық комиссия отырысының 23.02.2007 жылғы № 101 хаттамасына сәйкес С.С. Мұқановтың атына жария етілгені белгілі болған. Осыған байланысты аталған хаттаманы заңсыз деп танып, бұзып, С.Құрманов өзінің меншік құқығын тіркеуге байланысты кедергіні жою сұрайды. Ақтөбе қалалық сотының 13 ақпан 2008 жылғы шешімімен Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі Ақтөбе қалалық комиссия отырысының 23.02.2007 жылғы № 101 хаттамасының «Ақсут» бау-бақша ұжымында орналасқан № 1 жер учаскесі С.С. Мұқановтың атына жария етілген деген бөлігінің күшін жойып талап арыз қанағаттандырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|