|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1069 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының делегациясын Ницца (Француз Республикасы) және Барселона (Испания Корольдігі) қалаларына іссапарға жіберу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1069 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақта: екінші абзацта «осы қаулыға» деген сөздердің алдынан «Николай Айтқазыұлы Мәжитовті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Николай Айтқазыұлы Мәжитов 2009 жылғы 18 - 21 шілде кезеңіне Ницца қаласына (Француз Республикасы);». 2-тармақта: екінші абзацта «1-қосымшаға» деген сөздердің алдынан «Николай Айтқазыұлы Мәжитовті қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Николай Айтқазыұлы Мәжитовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Ницца - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |