«Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен күші жойылды
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 2159 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған 2003 ж., № 12, 820-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ұйымдастыру ережесінде: 9-тармақтың екінші сөйлемінде «, балалар ПМСК жіберіледі» деген сөздер «балаға көрсетімдері бойынша арнаулы мамандардың консультациясы беріледі, анасына тамақтандыру және күту туралы кеңес беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын. мынадай мазмұндағы 15, 16, 17-тармақтармен толықтырылсын: «15. Осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері және аумақтық ПМПК-ға ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы ақпаратты береді.». «16. БМСК ұйымының медицина қызметкері мен аумақтық ПМПК қызметкері тоқсан сайын ПМПК-ға жолданған балалар туралы мәліметтерді салыстыруды жүргізеді.». «17. Осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес БМСК ұйымының медицина қызметкері психикалық-дене бұзылыстары скринингімен қамтылған және аумақтық ПМПК-ға жіберілген бүлдіршін жастағы балалар туралы жинақталған мәліметті береді.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|