Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасы құрамында: төрағалық етуші алқа төрағасы Ә.Т.Жүкеновтің, судьялар М.Р.Әбілқайыровтың және Г. А. Бапаховтың, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі Г. Тлеубаевтің қатысуымен ашық сот отырысында апелляциялық шағым бойынша келіп түскен И.Б.Елбаевты айыптау жөніндегі істі қарап, а н ы қ т а ғ а н ы: Маңғыстау облыстық сотының 2008 жылғы 16 мамырдағы үкімімен Елбаев Исламбек Бергенғұлұлы, 1974 жылы 23 қаңтарда Маңғыстау облысы Қызыл-Өзен ауылында туылған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, орта білімді, бойдақ, бұрын сотталмаған, - Қ.Р. ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а, ж» тармақтары бойынша 17 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеумен сотталған. Қылмысты іс боиынша Е. Е. Арыстанов сотталған, алайда ол жөнінде шағым және наразылық келтірілмеген. Сот үкімімен И.Б.Елбаев 2007 жылғы 22 қарашада түнде Ақтау қаласының 1-шағын ауданындағы «Рахат» қонақ үйі маңайында, екі адамды өлтіру мақсатында Е.Е.Арыстановпен топтасып, темір трубамен жәбірленушілер М.Исмағамбетовтің және Е.Кошкиновтің басындағы өмірлік-маңызды органдарынан соққы бергені үшін кінәлі деп танылған. Алған дене жарақаттарынан М.Исмағамбетов және Е.Кошкинов оқиға орнында қаза болған. Апелляциялық шағымында И.Б.Елбаев жәбірленушілерді басынан трубамен негізінен Арыстановтың ұрғанын және олар қайтып бара жатқанда жәбірленушілер М.Исмағамбетовтің және Е.Кошкиновтің тірі болғанын айтып, төменгі шектен төмен жаза тағайындайтын ҚК 55-бабын қолдануды сұраған. Бұдан басқа, ол өзінің жас екендігін және бұрын сотталмағандығын ескеруді өтінген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|