Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 маусымдағы № 08-18-838 Хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 274 «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. Маңғыстау облысының қаржы басқармасы (М.Б. Әлібекова) кадрлар даярлауға көзделген қаржыландыру жоспары шегінде бағдарламаның әкімшісі - Маңғыстау облысының білім басқармасын қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 3. Маңғыстау облысының білім басқармасы (Қ.Б. Жұмашев) Жол картасының бағыттарын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2009-2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалауын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.А. Қараевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысы қаржы басқармасының бастығы ___________ М.Б. Әлібекова «____»___________ 2009 жыл
Маңғыстау облысы білім басқармасының бастығы ___________ Қ.Б. Жұмашев «____»___________ 2009 жыл
Маңғыстау облысы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|