Қазақстанның IV Азаматтық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 126-ө Өкімі
2009 жылғы 14 - 15 қазанда Астана қаласында Қазақстанның IV Азаматтық форумын (бұдан әрі - форум) сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 126-ө өкімімен
бекітілген
Қазақстанның IV Азаматтық форумын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің
құрамы
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Соловьева Айгүл Сағадыбекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) |
Нұрғазиева Бану Ғаниқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры, хатшы |
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Баймағанбетов Серік Нұртайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |