Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы, құрамында: төрағалық етуші А.Т.Жүкенов судьялар: А.А.Секішев және Т.Ә.Қожан, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі А.С.Бекенбайдың қатысуымен, Астана қаласында ашық сот мәжілісінде Атырау облыстық сотының 2008 жылғы сәуірдің 30 күні шығарылған үкіміне сотталған А.У.Кубашев, К.К.Сериков А.С.Исмагулов және соңғының қорғаушысы А.Ибраймовтың апелляциялық шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, анықтағаны: Атырау облыстық сотының 2008 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен Кубашев Асылбек Уапович, 23 шілде 1984 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында туған, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, Исмагулов Амангали Сериккалиевич, 19 қаңтар 1985 жылы Атырау облысында туған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, Сериков Куаныш Кощыбаевич, 15 қаңтар 1983 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында туған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасының ҚК-нің: 96 бабының 2 бөлігінің «ж» тармағымен олардың әр қайсысын 11 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Жазаны өтеу мерзімі А.Кубашевқа 24 қаңтар 2008 жылдан, А.Исмагуловқа 11 ақпан 2008 жылдан, К.Сериковке 25 ақпан 2008 жылдан бастап есептелген. А.Кубашев пен К.Сериковты ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «а» тармағымен ақтаған. Іс бойынша айғақтық затар мәселесі дұрыс шешілген. Сот үкімімен АІКубашев, А.Исмагулов және К.Сериков арақ ішкен мас күйлерінде 23 желтоқсан 2007 жылы адамдар тобы болып жәбірленуші С.Кутушевті өміріне маңызды мүшелері басынан, кеудесінен ұрып өлтіргендері үшін кінәлі деп танылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|