Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасы құрамында: төрағалық етуші: алқа төрағасы Ә.Жүкенов, судьялар Ғ.Бапахов, А.Секішев, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы Департаментінің аға прокуроры Ж.Күрегеновтің, сотталған Н.М. Ақсисеновтің, қорғаушы А.К.Омарованың, жәбірленуші К.У.Басығариевтің қатысуымен ашық сот отырысында сотталғанның және жәбірленушінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы алқабилердің қатысуымен болған Атырау облыстық сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымдары бойынша Н.М.Ақсисеновке қатысты қылмыстық істі бейнеконфренц байланыс желісі бойынша Он-Лайн режимінде жүргізіп қарады. Ақсисенов Нурлан Муқанұлы, 1988 жылғы 19 мамырда Атырау облысы Жылыой ауданында туған, қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, бұрын сотталмаған ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағы бойынша 13 жылға, 257-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 58-бабының 4-бөлігі негізінде жазаларды ішінара қосу жолымен Н.М.Ақсисеновке түпкілікті 14 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу тағайындалған. Жаза мерзімі 2007 жылғы 25 маусымнан бастап есептелген. Айғақ заттардың тағдыры шешілген. Алқабилердің қатысуымен сот үкімі бойынша Ақсисенов қоғамды анық құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзып, яғни азаматтарға қарсы күш қолданумен ерекшеленетін, бір топ адамдарға пышақ қолданьш, бұзақылық ниетпен М.Басығариевті қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|