Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 273 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы А.Ғ. Сәйденов 2008 жылғы 2 сәуірде
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 72-ө бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану ережесі
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және сот шешімімен әрекетке қабілетсіз әрі қамқорлыққа мұқтаж деп танылған, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі - зейнетақы төлемдері) мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын (бұдан әрі - жәрдемақылар) пайдаланудың тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|