Облыстық сотының сотталғандарға қатысты прокурордың қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі қаулысына жеке наразылығын қанағаттандырусыз қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы прокурордың қатысуымен өткен ашық сот мәжілісінде Маңғыстау облыстық сотының 2008 жылғы 18 қаңтардағы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі қаулысына прокурордың жеке наразылығымен келіп түскен қылмыстық істі қарады. Аталған қаулы бойынша: 1) X., 1983 жылғы 03 ақпанда Түркменстан Республикасы, Мары облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, - ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің «а», «г», «д» тармақтарымен және 96-бабының 2-бөлігінің «д», «ж», «з», «к» тармақтарымен, 2) М., 1983 жылғы 28 мамырда Маңғыстау облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, - ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен, 96-бабының 2-бөлігінің «д», «ж», «з», «к»тармақтарымен, 3) Б., 1987 жылғы 08 наурызда Маңғыстау облысында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, - ҚР ҚК-нің 120-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен, 96-бабының 2-бөлігінің «д», «ж», «з», «к» тармақтарымен сотқа берілген. Жеке наразылығында прокурор Маңғыстау облыстық сотының осы қылмыстық істі алдын ала тыңдау нәтижесінде қосымша тергеу әрекеттерін орындау үшін прокурорға қайтару қаулысын заңсыз деп танып, бұзуға, істі сол сотқа басқа құрамда қарау үшін жолдауын сұраған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|