|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 ақпандағы № 214 және 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 қаулыларына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 1. ҚР Үкіметінің 2000.04.13. № 565 Қаулысымен күші жойылды 2. «Директивтік кредиттер және өзара қарызды ішкі республикалық есептеу нәтижесі бойынша берілген кредиттер жөніндегі заңды тұлғалардың берешектерін сату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 мамырдағы № 652 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 207-құжат); көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің жанындағы Кәсіпорындарды қайта құру жөніндегі агенттік арқылы заңды тұлғалардың директивтік кредиттер және өзара қарызды ішкіреспубликалық есептеу нәтижесі бойынша берілген кредиттер жөніндегі берешектерін сатуға әзірлеу тәртібіне: 1-тармақтың «б», «в» тармақшаларындағы «20 күндік мерзім» деген сөздер «1997 жылдың 30 мамырына дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтың «е», «ж» тармақшаларындағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің атынан« деген сөздер «банктің атынан» деген сөздермен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |