Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің «1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 150-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Республикалық бюджеттің кірістерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттерін екінші деңгейдегі банктерде орналастырудан түсетін түсім - 824300 мың теңге болып белгіленсін.»; 27-баптың 2-абзацы алынып тасталсын; 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: «28-бап. 1996 жылы мемлекеттік ішкі қарызға және республикалық бюджет тапшылығына алынған несиелерге қызмет көрсету нөлдік ставка бойынша жүзеге асырылатын болып белгіленсін.«; мынадай мазмұндағы жаңа 31-баппен толықтырылсын: «31-бап. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да мемлекеттік органдар бойынша республикалық бюджет шығыстары ұлғайтылсын, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттеріне 17159500 млн. теңге» сомасында қаржы бөлінсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қаржыны атаулы бөлуді жүзеге асырсын»; 31-бап 32-бап болып есептелсін; Жарлыққа «Қазақстан Республикасының 1996 жылға арналған республикалық бюджеті (қолданылып жүрген сыныптама бойынша) деген № 1 қосымшада: «Кірістер» бөлігінде: «Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар» деген І бөлімде: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және екінші деңгейдегі банктерден түсетін түсімдер, барлығы» деген жолдағы «4983800» деген сан «824300» деген санмен ауыстырылсын; - «ағымдағы жылдың пайдасынан» деген жолдағы «4159500» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|