Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген және атыс қаруын өзімен бірге алып жүрген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы құрамында төраға, судьялар болып, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісінің, сотталған А. мен оның қорғаушысы Б.-ның қатысуымен, А. мен қорғаушы Б.-ның апелляциялық шағымдарымен және прокурордың наразылығымен келіп түскен А. және А. жөніндегі қылмыстық істі оnе-lіnе тәртібінде бейне байланыс арқылы қарады. Алматы облыстық сотының 2008 жылдың 13 маусымындағы үкімімен А., 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Нұра ауылында туған, бұрын сотталмаған, - ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі арқылы, 96-бабының 1-бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 251-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК 58-бабының 3 бөлігінің негізінде, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды сіңіру жолымен, нақты 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Сотталғанның жазасын өтеу мерзімі 2007 жылдың 18 желтоқсанынан бастап есептелген. А. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 67-бабының талаптарына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. А., 1988 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған, бұрын сотталмаған, - ҚР ҚК-нің 105-бабымен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 67-бабының талаптарына сәйкес, жәбірленушімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс қысқартылған. А.-ның бас шарасы жойылып, ол сот залынан дереу қамаудан босатылған. Іс бойынша айғақ заттардың тағдыры шешілген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|