|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 04 «Білім беру» деген функционалдық топта: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша: 005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада: «Қазақстан Республикасының орталық ғылыми кітапханасы» РМҚК ғимараттарының кешенін қайта құрылымдау» деген жолда 3-бағандағы «200 000» деген сандар «620 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат салу» деген жолда 3-бағандағы «793 269» деген сандар «1 383 636» деген сандармен ауыстырылсын; «Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 560 орынға арналған жатақханасын салу» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «
»; «Павлодар облысы Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін қызмет көрсететін және техникалық мамандарды дайындау және қайта дайындауға арналған 700 орындық өңіраралық кәсіби орталық салу» деген жолда 3-бағандағы «2 808 047» деген сандар «1 797 680» деген сандармен ауыстырылсын; «Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін қызмет көрсететін және техникалық мамандарды дайындау және қайта дайындауға арналған 700 орындық өңіраралық кәсіби орталық салу» деген жолда 3-бағандағы «911 088» деген сандар «703 890» деген сандармен ауыстырылсын; 12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта; 215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген әкімші бойынша: 028 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада: «Астана қаласында әуежайдан № 19 көшеге дейін Гастелло көшесін салу» деген жолда: 3-бағандағы «1 000 000» деген сандар «272 248» деген сандармен ауыстырылсын; 5-баған «727 752» деген сандармен толықтырылсын; «Астана қаласында Угольная, № 14, № 12 және Бейсекова көшелерімен өтетін магистральды жол салу» деген жолда: 3-бағандағы «3 290 695» деген сандар «4 921 756» деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы «5 000 000» деген сандар «3 368 939» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында университет қалашығынан Манас көшесіне дейін № 41 көшені салу» деген жолда: 3-бағандағы «500 000» деген сандар «601 899» деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы «1 786 755» деген сандар «1 684 856» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында Манас даңғылынан университет қалашығына дейін № 42 көшені салу» деген жолда: 3-бағандағы «500 000» деген сандар «194 792» деген сандармен ауыстырылсын; 5-бағандағы «1 719 779» деген сандар «2 024 987» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында № 1 жоспарлау ауданының (№ 19 көшесінің оңтүстігінде) инженерлік желілері мен жолдары» деген жолда: 3-бағандағы «1 410 837» деген сандар «710 837» деген сандармен ауыстырылсын; 5-баған «700 000» деген сандармен толықтырылсын; «Астана қаласында Сарыарқа көшесінен солтүстік айналма жолындағы көлік айырымына дейін Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту» деген жолда: 3-бағандағы «4 000 000» деген сандар «3 839 325» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана қаласында Сарыарқа көшесінен солтүстік айналма жолындағы көлік айырымына дейін Бөгенбай даңғылын қайта жаңарту» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «
». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |