Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотының 4 сәуір 2008 жылғы үкімін, қылмыстық істер жөніндегі алқасының 21 мамыр 2008 жылғы істі қайта қарау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы төрағаның, судьялардың, хатшы К.-нің, прокурордың, сотталған С.-ның заңды өкілі К.-нің қатысуымен, сотталған С.-ның мүддесін қорғап, қорғаушылар С. Ю. жәбірленуші С.-ның сенімді өкілі А.-ның қадағалау тәртібімен келтірген шағымдарымен түскен қылмыстық істі қарады. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық сотының 4 сәуір 2008 жылғы үкімімен С. 26 наурыз 1989 жылы туған, бұрын сотталмаған, - ҚК-нің 103-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотталған. Жазаны өтеу 4 сәуір 2008 жылдан бастап есептелген. - Үкім бойынша С. өзара келіспеушілік үстінде жәбірленуші С.-ның көзінен қолымен ұрып, көзілдірігінің шынысы сынып, сынығы көзіне кіріп, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпты деп танылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының 21 мамыр 2008 жылғы қаулысымен үкім өзгертіліп, С.-ға ҚК-нің 55-бабын қолданып, ҚК-нің 103-бабының 2-1-бөлігімен 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру белгіленген. Жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуді тағайындаған. Үкімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|