|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Вьетнам Социалистік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Вьетнам Социалистік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және Вьетнам Социалистік Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасындағы уақытша еңбек қызметі туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |