|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта: 215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген әкімші бойынша: 002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» деген бағдарламада: 016 «Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен» деген кіші бағдарламада: 3-бағанда: «Атырау-Ақтау автожолының «Қарабатан-Бейнеу» учаскесін қайта жаңарту» деген жолда «5 976 800» деген сандар «5 967 327» деген сандармен ауыстырылсын; «Астана-Алматы» автожолын қайта жаңарту» деген жолда «93 000» деген сандар «102 473» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |