|
|
|
К.Ш. Шәйсұлтановты Калининград қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы темір жол әкімшіліктерінің өзара іс-қимылы бойынша Достастыққа қатысушы мемлекеттер комиссиясының 28-ші отырысының жұмысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталық департаментінің директоры, Қазақстан Республикасының Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Кенжебек Шәйсұлтанұлы Шәйсұлтанов 2009 жылғы 9-13 қыркүйек кезеңіне Калининград қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі К.Ш. Шәйсұлтановқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Калининград - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |