|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және JАТА World ТrаvеІ Ғаіr 2009 Халықаралық туристік көрмесіне қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 14-23 қыркүйек кезеңіне Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Алматы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Алматы - Токио - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 011 «Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және 013 «Туристік қызметті реттеу» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1357 қаулысына қосымша
Токио қаласына (Жапония) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |