|
|
|
С.А. Кучерованы Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынын қаржы-экономикалық қызметін реттейтін құжаттарының жобаларын пысықтау жөніндегі сарапшылардың консультацияларына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Қорғанысты, құқық қорғау жүйесін және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті директорының орынбасары Светлана Александровна Кучерова 2009 жылғы 14-16 қыркүйек кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі С.А. Кучероваға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |