|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасында: 08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген функционалдық топта: 205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген әкімші бойынша: 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада: «Астана қаласы» деген кіші бөлімде: «Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы» деген жолда: 2-бағандағы «Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы» деген сөздер «Астана қаласындағы теннис кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-бағандағы «1 583 590» деген сандар «507 150» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан» спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру» деген жолда: 2-бағандағы «Қазақстан» спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру» деген сөздер «Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын сырғанақ тебетін мұз айдынын қосымша сала отырып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және қалпына келтіру» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-баған «545 664» деген сандармен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Астана қаласында теннис кортын салу 530 776». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |