|
|
|
Қазакстан Республнкасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 427 Қаулысымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде: 14-тармақта: жиырма сегізінші абзацтағы «веб-сайттарын» деген сөздер «интернет-ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын; отыз үшінші абзацта: «ақпараттық жүйелерді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын; «электрондық үкімет» қалыптастыруда» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «депозитке беруді тіркеу, беру, сақтау, оның толықтығын қамтамасыз ету және депозитарийге бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту.». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |