Көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауда орындарын анықтау туралы
Осы редакция 2009 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4)-тармақшасына және 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қаулысына, ішкі нарықты өніммен молықтыру және тұтыну базарларда бағаларды тұрақтандыру мақсатында, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сауда қызметін көктемгі-күзгі маусымда реттеу мақсатында Қостанай қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай қаласының аумағында автомашиналардан, сөрелерден, шатырлардан көктемгі-күзгі маусымда көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін мына орындар анықталсын: 1) жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сату үшін, 1-қосымшаға сәйкес орындарда; 2) саяжай учаскелерден көк желектер, көшеттер, тұқым, жеміс-көкөніс өнімдерін, жеміс-жидек өсімдіктерін сату үшін, 2-қосымшаға сәйкес орындарда; 3) балмұздақ, салқындататын сусындар және квас сату үшін, 3-қосымшаға сәйкес орындарда; 4) мектеп құралдары мен киімдерін сату үшін, 4-қосымшаға сәйкес орындарда; 2. Сауда қызметін жүзеге асыру, сатылатын өнім түріне орай, уәкілетті мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін, осы қаулымен анықталған орындарда жіберіледі, 5-қосымшаға сәйкес. 3. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар сауда орнын орналастыруын келісуді он күннен астам емес мерзімде жүргізсін. 4. «Теркомсоюз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, базарлар иелері, сауда орындар орналасқан аумақтардың иелері осы қаулының 1-тармағында көрсетілген аумақтың санитарлық-гигиеналық тазартуды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|