Қазақстан Республикасы делегациясын Түрікменбашы қаласына (Түрікменстан) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1373 Қаулысы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Түрікменстанға жұмыс сапарын өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 13 қыркүйекте Түрікменбашы қаласына (Түрікменстан) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 1373 қаулысына
қосымша
Түрікменбашы қаласына (Түрікменстан) іссапарға жіберілетін
Қазақстан Республикасы делегациясының
Құрамы
Ресми делегация
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті |
Сарыбай Қайрат Шораұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сытқы істер министрінің бірінші орынбасары |
Бірге жүретін адамдар
Қалмырзаев Сарыбай Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы |
Аюбаев Мұхтар Ақатұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығы |
Тауфиков Румиль Тауфикович | - Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы |
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы |
Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік қызметінің бастығы |
Қожықов Әділ Ғалымжанұлы | - "akorda.kz" Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты |
Аксютиц Александр Владимирович | - Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы |
Рысмұхамбетов Ренат Есламұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің бірінші хатшысы |
Шаханов Бақтыбай Аманжолұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Бондаренко Сергей Викторович | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Мақажанов Қайрат Сағатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Отарбаев Болатбек Құлжымбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Күзет
Шалапинин Вячеслав Григорьевич | - күзет офицері |
Досмайылов Мұрат Сұрапбайұлы | - күзет офицері |
Рахмешев Данияр Орынбайұлы | - күзет офицері |
Тыныбаев Дәулет Жұмағазыұлы | - күзет офицері |
Есмағамбетов Амангелді Мылтықбайұлы | - күзет офицері |
Анарбеков Талғат Қалықбекұлы | - күзет офицері |
Құдайбергенов Ғайдар Жанатұлы | - күзет офицері |
Тұяшев Нұржан Зарифұлы | - күзет офицері |
Сыздықов Жетпіс Серікұлы | - күзет офицері |
Медиев Айдарбек Есенұлы | - күзет офицері |
Темірғалиев Нұрлан Ерденұлы | - күзет офицері |
Төреханов Роман Алмаханұлы | - күзет офицері |