|
|
|
Ғ.К. Әлменбетовті Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
"Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Халықаралық электр байланысы одағымен жұмыс жөніндегі жұмыс тобының 1-ші және Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру жөніндегі 21-ші отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті телекоммуникация басқармасының бас сарапшысы Ғарифолла Какманұлы Әлменбетов 2009 жылғы 28 қыркүйек - 2 қазан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ғ.К.Әлменбетовке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |