|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Братислава қаласына (Словакия Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-словак үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: Болат Нұрмырзаұлы Садықовты, Гүлжамал Сұлтанбекқызы Бекішеваны, Гұлнәр Жәнетқызы Мұқанованы қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 16-18 қыркүйек кезеңіне; Болат Нұрмырзаұлы Садықов, Гүлжамал Сұлтанбекқызы Бекішева, Гүлнәр Жәнетқызы Мұқанова 2009 жылғы 16-22 қыркүйек кезеңіне Братислава қаласына (Словакия Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен: Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне жол жүру құжаттарын ресімдесін; Б.Н. Садықовты, Г.С. Бекішеваны, Г.Ж. Мұқанованы қоспағанда, Қазақстан Республикасы делегациясының мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Б.Н. Садықовқа, Г.С. Бекішеваға, Г.Ж. Мұқановаға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Братислава - Прага - Вена - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1367 қаулысына қосымша
Братислава қаласына (Словакия Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |